«Есінен тандырған». Қарағандыда жас жігіт 77 жастағы әжейді тонап кетті

23

Қарағандыда 25 жастағы жігіт тапа-тал түсте зейнеткердің үйіне қарақшылық  шабуыл жасаған. Оқиға Ержанов көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде болған.

Polisia.kz жазуынша, белгісіз біреу дәлізге бейнебақылау камерасын орнатушымын деп зейнеткердің үйіне домофон арқылы қоңырау соққан. Ештеңені алаңдамаған әжей пәтерінің есігін ашқан. Сол сәтте қаскөй үйге кіріп, 77 жастағы тұрғынның бетіне белгісіз затпен суланған шүберекті жапқан. Содан ол есінен танып қалған. Күдікті пәтерден 7 миллион теңге мен алтын бұйымдарды қолды қылған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 9 миллион теңге.

«Аса қатыгездікпен жасалған қылмысты ашу мақсатында облыстық Полиция департаментіне қарасты барлық бөліністерге бағыттама берілді. Тиісті іс-шараларды өткізу барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы күдікті анықталды. Ол өз кінәсін мойындады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-тармағына (Қарақшылық) сәйкес іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды», – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Алдыңғы пост
Абай облысында жол апатынан бір жолаушы мерт болды
Келесі пост
Талдықорғанда ер адам өз көлігінде атылып өлді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu