«Өрт сөндірушілер асыққан». Шымкенттік екі жігіт өмірлерін қатерге тігіп кептелісті реттеп берді

Теги: ,
356

Шымкентте өрт шыққан аумаққа асығып бара жатқан өрт сөндірушілер жолда кептелісті тұрып қалған. Мұны байқаған екі жігіт дереу көмекке келді.

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «101» қызметіне 7 қазанда 18 сағат 57 минутта Ташкент тас жолы бойында құрғақ шөп жанғандығы туралы хабар келіп түскен. Тез арада мамандандырылған жасақтан бір бөлімше өрт орнына аттанған.

Алайда жолдағы кептеліс өрт сөндіру көлігінің оқиға орнына жетуіне кедіргі келтірген.

«Осы сәтте екі азамат бұл жағдайға бейжай қарамастан біріне-бірі кептеліп тұрған көліктерге нұсқау көрсеттті. Асқаров көшесінен Республика даңғылы бойынан Көмешбұлақ базарына дейінгі аралықта өрт сөндіру автокөлігіне жол ашып, өрт сөндіру автокөлігінің кептелістен өтуіне үлкен көмек берді. Бұл нағыз азаматтықтың, үлкен адамгершіліктің белгісі деп білеміз. Сондай-ақ өрт сөндірушілердің қызметіне деген қала тұрғындарының құрметі деп санаймыз. Өрт сөндірушілер өртті сөндіруге асығып бара жатқандықтан ол азаматтардың кім екендігін біліп, алғыс айтуға мүмкіндіктері болмады. Осы орайда осындай азаматтық позиция танытып, өрт сөндірушілерге көмектескен осы екі жігітке үлкен алғыс айтамыз» деп атап өтті төтеншеліктер.

Екі тұрғынның жолдағы кептелісті реттеу сәті видеоға түсіп қалған. Оны Төтенше жағдайлар департаменті жариялады.

Предыдущая запись
​Подростка, пропавшего в Туркестанской области, нашли в Алматы
Следующая запись
В Шымкенте обсудили вопросы подготовки к отопительному сезону

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню