Алматыда қалалық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполквонигі соққыға жығылды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-каналында жазды.
Оқиға 9 қазан күні түнгі сағат 00:30 шамасында «Панорама» ресторанының жанында болған. Ішкі істер органының өкілі жедел жәрдем қызметімен №12 ауруханаға жеткізілген. Ол жабық бас сүйек — мидың жарақаты, мидың шайқалуы, мұрын сүйегінің сынуы диагноздарымен медицина мекемесіне жатқызылған. Полиция подполковнигінің көптеген гематома және өзге де жарақаттары бар.
ІІМ-нің Telegram-каналының жазуынша, күдікті ретінде бес ер кісі анықталған.
«Бұл факт Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмысты жасады деген күдікпен 5 ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», — делінген ведомство мәліметінде.