​Ішіп алған тұрғын жүк көлігіне тиелген шөпті түгін қалдырмай өртеп жіберді

Теги: ,
424

Түркістан облысы Сайрам ауданында мал азығына лық толы «ГАЗ 53» маркалы жүк көлігіне белгісіз ер кісі өрт қойды. Ер азамат мұндай әрекетке ішімдік ішіп алып барған екен. Шөп артылған көлікті қасақана өртеп қана қоймай, ол өрттің жанып жатқан сәтін бақылап отырған.

Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер оқиға кешкі сағат 21:50 шамасында болғанын растады. Аудандық полиция бөліміне ауыл көшелерінің бірінде шөп артып алған «ГАЗ 53» маркалы жүк көлігі жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден шықты.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, белгісіз біреу Бәйдібек ауданының тұрғынына тиесілі 280 пресі бар жүк көлігін өртеп жіберген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 6 миллион теңгеге жуық.

«Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында полицейлер қажетті іс-шараларды жүзеге асырып, куәлардан жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде жедел уәкілдер жүк көлігіне келіп, ондағы шөпті өртеп жіберген күдікті адамның бейнесін тапты. Ол от қойғаннан кейін орындыққа отырып, өртті бақылаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам мас күйінде белгісіз себептермен жәбірленушінің көлігін өртеп жіберген» деп атап өтті Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынған.

Предыдущая запись
На 20% ниже составляет тариф на газ для получателей АСП и жилищной помощи
Следующая запись
​Мейрамхана маңында полиция подполковнигі соққыға жығылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню