Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің әр тоқсан сайынғы жоспарлы кезекті есепті кездесуі бүгін Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен жалғасты.
Шаһар басшысы мегаполистегі соңғы 9 айда атқарылған істерді қорытындылап, баяндама жасады.
Кездесуге 300-ден астам халық, басқарма басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Есепті кездесу Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, шаhар басшысы жыл басынан бастап мегаполистегі елдімекендерді аралау барысында 125 кездесу өткізіп, көтерілген 1020 мәселенің әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған. Нәтижесінде бүгінге дейін 500-ге жуық мәселе шешілсе, 377-сі жыл соңына дейін шешімін табатын болады. Ал 195 мәселе 2023-2025 жылдар жоспарына енгізілді.
Мұрат Әйтенов соңғы 9 айда 12 рет жеке қабылдау өткізіп, 1 200-ден астам азаматтың мәселесі тыңдалды. 2 341 мәселенің 760-сы нақты шешімін тапса, 1 476-сы орындалуда. Қалған түйткілдер заң талаптарына сәйкес шешілетін болады.
Халықпен кездесу кезінде Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев 2 елдімекен, 13 шағынаудан бойынша атқарылған жұмыстар мен халық сұранысындағы инфрақұрылым жүйелерінің тартылуы, баспанамен қамту, арнайы спорт және балалар ашаңшаларының салынуы мәселесенің шешімдері бойынша баяндама жасады.
Регламентке сай сұрақ-жауап болып, қала әкімі халықтың қойған 30-дан астам сұрағына жауап берді. Олар атап айтқанда: денсаулық саласы, жұмыспен қамту, инфрақұрылым, балалар ойын алаңшалары, қоқыс жинау, заңсыз ғимарат салу мәселелері.
Жиын соңында Мұрат Әйтенов хаттамаға енген сауалдардың шешімі бойынша заң аясында жан-жақты жұмыстар атқарылатынын атап өтті. Қоғамдық мәселелердің шешімін табу үшін белсенділік танытқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.