​Шымкент әкімі қала тұрғындарымен түрлі мәселелерді талқылады

Теги:
165

Үшінші мегаполисте Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Халықпен тоқсан сайынғы есеп беру кездесулері жалғасуда. Бұл жолы Шымкент басшысы Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге 300 – ден астам адам қатысты-аудан тұрғындары, басқарма басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері. Есеп беру кездесуі әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Мұрат Әйтенов соңғы тоғыз айда мегаполисте атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев инфрақұрылымның жағдайы, тұрғын үй мәселесін шешу, аула аумақтарын абаттандыру туралы айтып берді.

Кездесу барысында Мұрат Әйтенов Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық салаға қатысты 30-дан астам сұраққа жауап берді. Тұрғындар әкімдіктің балалар ойын және спорт алаңдарын салу жоспарларына қызығушылық танытты, тұрмыстық қалдықтарды шығару, ауданда заңсыз құрылыс салу туралы сұрақтар қойылды.

“Қаланы инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары 2025 жылы шешілетін болады. Кәріз жүйесімен қамту 75 пайызды құрайды. Тұрғындардың әр кездесуде көтеретін проблемалары инфрақұрылымға байланысты. Аудандарда қоғамдық бақылау кеңестері құрылды және тұрақты жұмыс істейді. Бұл жұмыс жалғасады”, – деді әкім.

Кездесуде тұрғындар инфрақұрылым, тұрғын үй, аулаларды абаттандыру, жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін көтерді.

Қала әкімі әр тұрғынды тыңдап, тиісті салалардың басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ол денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, Инфрақұрылым, балалар ойын алаңдары, қоқыс сұрақтары, заңсыз құрылыс салаларына қатысты 30-дан астам сұрақтарға жауап берді.

Өз кезегінде Әл-Фараби ауданының басшысы Рашид Мыңбаев ауданның барлық салаларында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, бірқатар мәселелерге тоқталды.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері Шымкент басшысы 125 кездесу өткізіп, қойылған 1020 сұрақтың әрқайсысы жеке хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуы бақылауда. Бүгінгі таңда 500 – ге жуық мәселе шешілді, 377-сі жыл соңына дейін шешіледі, 195-і 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізіледі.

Соңғы 9 айда Мұрат Әйтенов жеке мәселелері бойынша 12 азаматтарды қабылдады, оларға 1200-ден астам азамат жүгінді. 2 341 сұрақтың 760 – ы нақты шешімдер тапты, 1 476-сы орындалады, қалған мәселелер заңнамаға сәйкес шешілетін болады.

Бұған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халықпен есеп беру кездесулерін өткізу тәртібіне өзгерістер енгізгені хабарланған болатын.

Алдыңғы пост
Мақтааралда дронның көмегімен үйінің ауласына есірткі еккен әйел ұсталды
Келесі пост
Шымкент әкімі Әл-Фараби ауданы халқымен кездесіп, 30-дан астам сұраққа жауап берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu