Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Авиациялық көлік прокуратурасымен бірлесіп аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасының жолын кесті.
Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алғаннан кейін жалпы салмағы 648,98 гр «марихуана», сондай-ақ жалпы салмағы 675,65 гр «гашиш» есірткі заттары тәркіленген Алматы қаласының тұрғындары ұсталды.
Аталған адамдар Telegram мессенджері арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған. Оларды тінту барысында электрондық таразылар мен өлшеп орауға қажетті басқа да құралдар табылды.
«Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесінде жария етілмейді» делінген агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.