369
Түркістанда жиһаз шығаратын шағын цех отқа оранды. Оқиға бүгін, 30 қыркүйек күні орын алды. Өрт сөндіру қызметіндегілерге жеке үйдің аумағында орналасқан жиһаз шеберханасында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен бойда, қоймада жиһаз заттарының жанып жатқаны анықталды. Өрттің ауданы алдын ала болжам бойынша 800 шаршы метр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД-нің 31 қызметкер және 7 бірлік техникасы жұмылдырылды» деп атап өтті ведомстводағылар.