Алаяқтар жыл сайын қазақстандықтарға 10 млрд теңге шығын келтіріп отыр

Теги: ,
400

Жыл сайын алаяқтар азаматтарға 10 млрд теңге көлемінде залал келтіреді. Мұндай қылмыстардың саны тұрақты өсуде. Мысалы, егер 2018 жылы осындай 4 мың қылмыс тіркелген болса, биылғы жылдың басынан бері 15 мың қылмыс тіркелген. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты.

Polisia.kz жазуынша, интернеттегі алаяқтықтың схемалары іс жүзінде ұқсас. Алаяқтар өздерін банктердің не құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырады. Абоненттік нөмірлерді ауыстыру бойынша сервистерді пайдаланады. Азаматтарды несиені ресімдеуге немесе ақшаны “қауіпсіз” шотқа аударуға көндіреді. Содан кейін ұрланған ақша халықаралық аударым қызметтері арқылы алынады, криптовалютаға аударылады немесе шекараның ар жағында қолма-қол ақшаға айналады.

Полиция қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ осы схемаларын ұйымдастырушыларды анықтайды. Олардың барлығы әлеуметтік желілердегі хабарландырулар арқылы қылмыстық әрекетке қатысады. Сонымен қатар, негізгі ұйымдастырушылар, әдетте шетелде және процесті онлайн режимінде “басқарады”. Мұндай қылмыстық топтар елордада, Алматыда, Павлодарда, Таразда және басқа аймақтарда анықталды.

Қыркүйек айының басында Астанада және Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Олардың әрекеттерінен еліміздің түрлі қалаларында тұратын 70-тен астам азамат зардап шекті. Жәбірленушілер өтініш беруді жалғастыруда. Оларға 200 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Бүгінде 60 дроппер анықталды. Басқа елдердегі әріптестерімен бірге олардың серіктестерін шетелде ұстау шаралары қабылдануда.

ІІМ басшысы Марат Ахметжанов бүгінде интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстық схемаларды анықтау мен жолын кесуге ерекше назар аударылатынын хабарлады. Ведомство бастамасы бойынша байланыс операторлары бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатады. Ол алаяқтар белсенді қолданатын ауыстыру нөмірлерін бұғаттайды.

Цифрландыру министрлігімен бірлесіп бұл үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу бойынша шаралар әзірленуде. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау деңгейі артуда. Жақында Алматы академиясында арнайы киберлаборатория ашылды. Онда қызметкерлер киберқылмыстарды ашудың жаңа әдістерін үйренеді.

Предыдущая запись
​​Мобилизациядан қашып, Қазақстанға келген ресейліктер елдеріне қайтарыла ма? – ІІМ жауабы
Следующая запись
​Президент Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатымен танысты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню