ІІМ Көші-қон қызметі пәтерін жалға берген қазақстандықтар нені ескеру қажеттігін айтты

Теги:
448

ІІМ Көші-қон қызметі Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске салды. Бұл туралы Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы Аслан Аталықов айтты.

“Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы қағидаларының” 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін түсіндіреміз. Аталған хабарлама шетелдік азамат келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті түрде беріледі. Осы мерзімді өткізіп алған және көшіп келушінің келуі туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы бойынша жауаптылыққа тартылатынын ескертеміз»,-деді ол.

Бұл ретте заңды тұлғалар үшін 10-нан 25 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал қайталанған жағдайда 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғалар үшін ескерту түріндегі жаза, ал қайталап бұзғаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген.


Ел азаматтары шетелдіктің келуі туралы хабарламаны үш тәсілмен бере алады.

Бірінші: Жеке және заңды тұлғалар көшіп келушінің келгені туралы электрондық визалық және көші-қон порталы арқылы тікелей хабарлай алады: vmp.gov.kz немесе egov.kz. Ол үшін қазақстандық тарапқа көшіп келушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы және паспорттық деректері жеткілікті. Екінші:. Қазақстан тарапынан қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарламаны тікелей өз ауданы бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімдері мен бөлімшелеріне бере алады. Үшінші:Apр Store немесе Play Market-тен e-Qonaq қосымшасын жүктеу. Хабарлама екі қадаммен беріледі. Тіпті, смартфонның камерасының көмегімен төлқұжатын сканерлеу арқылы шетелдіктің төлқұжат деректерін жүктеу мүмкіндігі бар. Хабарламаны авторизациялау бір минут уақытты алады.

«Жеке және заңды тұлғалар заңның осы талаптарын сақтауға міндетті екеніне тағы да назар аударамыз. Шетелдік қонақтар өздерінің паспорттық деректерін қабылдаушы тарапқа хабарлауы және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тиіс”, – деді Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы Аслан Аталықов.

Алдыңғы пост
Шымкентте тұрақты жалақысы бар жаңа жұмыс орындары ашылады
Келесі пост
Түркістан облысында мектеп мұғалімі асық атудан әлем чемпионы атанды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu