Түркістан облысында мектеп мұғалімі асық атудан әлем чемпионы атанды

Теги:
231

Халықаралық жарыстарда еліміздің мерейін үстем етіп, топ жарып жүрген спортшылар қатары күн санап артып келеді. Солардың қатарына жақында асық ату спортынан Румыния елінде өткен әлем кубогінің жеңімпазы Алмас Қарабаев та еніп отыр. Ол – Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан басшысы Нұрлан Байғұт халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып келген жеңімпазды шәкірттерімен бірге қабылдап, құрмет көрсетті. Аудан басшысы аталған жеңіс ауданның ғана емес, еліміздің жеңісі екенін тілге тиек етіп, Алмас Оңласынұлы мен шәкірттеріне алдағы байрақты бәсекелерде сәттілік тіледі.

А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі қызметін қатар алып жүрген Алмас Қарабаев асық ату спортының ұлттық құрама командасының капитаны ретінде көптеген жарыста топ жарған. ҚР кубогы мен чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері.

Бүгінде Алмас бапкер ретінде де өзін дәлелдеп жүр. Оның шәкірттері асық және бес асық ату спорт түрлерінен ҚР чемпионатының және ұлттық ойындарының чемпиондары атанып, сенімін ақтап келеді.

Алдыңғы пост
ІІМ Көші-қон қызметі пәтерін жалға берген қазақстандықтар нені ескеру қажеттігін айтты
Келесі пост
Астаналық әйел өзі жөндеу жұмыстарын жүргізген пәтерді тонап кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu