Тоқаев ресейліктер туралы: «Көпшілігі амалдың жоқтығынан келіп жатыр»

Теги: ,
450

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына барды. Алдымен Қ.А.Ясауи кесенесіне зиярат еткен Мемлекет басшысы жұртшылықпен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында Ресей елінен көптеген адам келе бастағанын, олар шарасыздықтан осындай қадамға барып отырғанын айтты. Сырттан келгендерге көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді.

Мемлекет басшысының кездесу кезіндегі сөйлеген сөздерін Президент баспасөз қызметінің Telegram-каналы жариялады.

«Қазақта «Көршімен татудың көңілі тоқ» деген сөз бар. Ең бастысы, іргелес елдермен тату болуымыз керек. Бұдан еш ұтылмаймыз. Соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Көпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр. Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені мен Үкіметке тапсырдым»,-деді Мемлекет басшысы.


Президент өз сөзінде Ресей тарапынан келіссөздер жүргізілетінін айтты.

«Біз Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп, бұл түйткілді еліміздің мүддесіне сай шешеміз. Тағы да қайталап айтамын, осындай алмағайып кезеңде бізге, ең алдымен, береке-бірлік қажет. Елдің тыныштығын сақтай білсек, тұрақты дами аламыз. Барлық мәселені байыппен талқылап, ақылмен шешуіміз керек»,-деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, шет елден келген азаматтарға көмек көрсетіледі.

«Жалпы, осындай күрделі жағдайда біз ең алдымен адамгершілік, сабырлық, ұйымшылдықты танытуымыз керек. Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек. Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Предыдущая запись
Новые рабочие места со стабильной зарплатой появятся в Шымкенте
Следующая запись
Шымкентте халықаралық туризм күніне орай ақпараттық тур өтіп жатыр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню