342
Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті моншада заңсыз покер құмар ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады. Құмар ойынға әуестер 50 000 теңге тігу арқылы фишка алып немесе қаражаты болмаған жағдайда карта шотына ақша аудару арқылы ойын ойнап келген. Ал мүлдем қаржысы жоқ келушілерге қарызға ойнауға мүмкіндігі берілген.
Күдіктінің бұдан өзге дәл осы өңірде жалдамалы пәтерде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны анықталды.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді.