426
Елімізге жыл басынан бері 4 млн 399 мың шетелдік келген. Оның 1 млн 700 мыңы Ресей азаматтары. Бұл туралы Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов Ішкі істер министрігінде өткен брифинг кезінде айтты.
«Жыл басынан бері елімізге 4 млн 399 мың шетелдік келді. Оның ішінде Ресейден — 1 млн 700 мың, Өзбекстаннан 1,5 млн, Қырғызстаннан 547 мың, Тәжікстаннан 200 мыңнан астам адам. Осы уақыт аралығында Қазақстаннан 4 млн 155 мың шетелдік кетті. Оның 1 млн 666 мыңы Ресей Федерациясының азаматтары; 1 млн 370 мыңы Өзбекстан, 540 мыңы Қырғызстан, 196 мыңы Тәжікстан елінің азаматтары», — деді ол.