Елімізде қанша адам мүлік салығын төлемегені белгілі болды

Теги: ,
411

1 қазанда жылжымайтын мүлік және жер учаскелері меншік иелерінің 2021 жылға есептелген мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Салық төлеу мерзімінің аяқталуына небәрі 1 апта қалса да 1,7 млн адам салық міндеттемесін әлі орындамаған.

Мемлекеттік кірістер комитетініндегілердің дерегінше, мүлік салығы бойынша 3,8 млн салық төлеуші мемлекетке 14,3 млрд теңге төлеуі керек болса, соның 8,6 млрд теңгесі ғана қазынаға құйылыпты.

«Бүгінгі күні шамамен 1,7 млн меншік иесі «2021 жыл» кезеңіне 5,7 млрд теңге сомасына мүлік салығын төлемеген. Төленбеген салық сомалары бойынша Алматы қаласының тұрғындары көш бастап тұр (1 379 млн теңге), екінші орында – Шымкент қаласы (1 194 млн теңге), антирейтингтің үштігінде – Астана қаласы (1 094 млн теңге). Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 2 қазанынан бастап жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламаларды борышкерлерге жіберетінін еске салады»,-деді Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер.

Айта кетеік, 1 айлық есептік көрсеткіштен астам берешек сомалары бойынша хабарлама табыс етілген соң 30 жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі. Бұл салық бұйрығы 5 жұмыс күні өткеннен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін беріледі.

Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салу және елден шығуға шектеу қоюдан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, салық берешегі сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша төлемді өндіріп алады.

Салықты «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.

Предыдущая запись
В Павлодарской области массово отравились дети
Следующая запись
Полиция қызметкері 58 жастағы ер адамды қағып кетіп, мерт қылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню