Ғылым және жоғары білім министрі балалары неліктен шетелдік мектепте оқып жатқанын айтты

Теги:
410

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің балалары Солтүстік Кипрдегі мектепте білім алуды жалғастырып келеді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде тілшілер сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді.

«Балаларым елге жазда оралды. Олар 4 жылдан бері Солтүстік Кипрде британдық жеке мектепте оқып жатыр. Ондағы білім өте сапалы және біздің жеке мектептермен салыстырғанда арзан. Біз балалармен бұл тақырыпта сөйлестік. Шетелдік мектептердің бір жақсысы – балаларды дербес болуға және сындарлы ойлауға үйретеді. Балаларым өз таңдауын жасады, олардың таңдауына құрметпен қарауым керек», – деді министр.

Ведомство басшысы перзенттерінің шешімімен келіскен. Өзі бар күші мен уақытын жоғары білім мен университет ғылымының мәселелеріне арнап жатқанын айтты. «Сондықтан, менің және балаларымның пікірін құрметтеуді сұраймын. Кәсіби қызметіме байланысты кез келген диалогқа, сұраққа, сын-ескертпелер мен ақыл-кеңеске ашықпын. Кез келгеніңізбен жеке кездесіп, кәсіби тұрғыда сұхбаттаса аламын. Сондықтан бұл тақырыпты жабуды ұсынамын», – деді ол.

Алдыңғы пост
Шымкентте әскерге шақырушылар саны 40 пайызға артқан
Келесі пост
Балабақша тәрбиешілеріне жалақы жаңа жүйемен төленбек

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu