Шымкентте әскерге шақырушылар саны 40 пайызға артқан

Теги:
205

Шымкентте Отан алдындағы борышын өтеуге шақырушылар саны 2019 жылдан бері 40 пайызға артқан. Бұл туралы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Алмаз Тілеуханов айтты.

ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Рустам Ақбаровтың төрағалық етуімен Шымкент қаласындағы жергілікті әскери басқару органдарының басшылық құрамына «Күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру мен өткізу» тақырыбында оқу-әдістемелік жиын өтті. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын барысында Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы көктемгі әскерге шақыру кезеңінің қорытындысын шығарып, күзгі науқанға арналған жұмыстар мен жоспарлары туралы баяндады. Оның айтуынша, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жоспары 2021 жылмен салыстырғанда 72 адамға артқан.

«Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті 2019 жылы құрылған сәтте азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жоспары 1 жылға 1200 жуық баланы құрайтын. Ал қазіргі таңда 2022 жылғы көктем-күз әскерге шақыру жоспары 1600-ге жуық азаматты қамтиды. Қаладан көктемгі шақыруға берілген тапсырыс артығымен – 103%-ға орындалды. Атап айтсақ, Қарулы күштер қатарына 16 адам, Ұлттық ұланға 9 адам берілген тапсырыстан артық жіберілді. Күзгі әскерге шақыру жоспарына сәйкес, қаладан барлығы 800-ге жуық адам шақырылмақ. Бұл жоспарды сапалы орындау үшін 6 мыңнан астам азаматты зерделеу керек. Бүгінде қала бойынша 3 мыңнан астам азамат зерделеніп, оның 300-ге жуығы іріктеліп, жеке істері толықтырылуда», – деді Алмаз Тілеуханов.

Алдыңғы пост
Шымкенттік тұрғын түн ортасында әйелін көлікке күштеп отырғызып, ұрып-соққан
Келесі пост
Ғылым және жоғары білім министрі балалары неліктен шетелдік мектепте оқып жатқанын айтты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu