Мейрамханаға ұрлыққа түскен ер кісі ақша мен 20 келідей сиыр етін алып кеткен

Теги: ,
549

Түркістан облысындағы Төлеби ауданында мейрамханалардың біріне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды. Қылмыс туралы полицейлерге кәсіпкер арыз түсірген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның аудан орталығында орналасқан мейрамханасына ұрлыққа түскен. Яғни, күдікті кафеде тұрған 100 мың теңге ақша, құны 60 мың теңге тұратын сиыр еті мен 2 дана спирттік ішімдікті жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын — 170 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

«Күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын ер адам болып шықты. Анықталғандай, ер кісі түнгі уақытта аталған мейрамханаға өзіне қажетті заттарды алу үшін кіріп, қолына ілінген оңай олжаны жымқырған. Содан ізін суытқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
Артисты МВД и Нацгвардии порадовали жителей Кокшетау гала-концертом
Следующая запись
У жителя третьего мегаполиса изъяли героин

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню