Шымкентте пробациялық есепте тұрған азаматтар саны азайған

Теги: ,
369

Шымкентте алғашқы жартыжылдықтағы мәлімет ойынша пробациялық бақылауға 1360 адам есепке алынған. Қақалық прокуратура дерегінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бақылауда жүргендер саны 215 адамға азайған. Алайда қайталама қылмыстар саны 2 есеге өсіп отыр.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен өткен консультациялық-кеңес мәжілісінде мәлім болды. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, қайта жасалған 36 қылмыстың 28-ін жұмыссыз және тұрақты жұмыс орны жоқ адамдар жасаған. Жиында атап көрсетілгеніндей, түзету мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту және қоғамға бейімдеу тұрғысында әлеуметтік қолдау өзекті мәселе болып қалуда. Өйткені жұмыс берушілер тарапынан сенімсіздік басым дейді сала мамандары. Өз кезегінде, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы бұзу болып табылады.

Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков мәжіліске қатысқан барлық басқармалар мен құзырлы мекеме басшыларына жазасын өтегендер мен есепте тұрған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеп, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсетуде жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.


«Өмірде шалыс қадам басты екен деп бұл азаматтарды мүлдем қоғамнан аластатуға болмайды. Керісінше демеу көрсетіп, мемлекетіміз үшін сақтап қалуымыз қажет. Жұмысқа орналастыруда оларды шапқылата бермей, жинайтын құжат санын да азайтыңыздар. Қалыпты өмірге оралуда қиындық тудырып жатқан мәселелерін бірлесе шешейік.Түптеп келгенде консультативтік-кеңестің негізгі мақсаты да осы»,-деді қала әкімінің орынбасары.

Жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, биыл пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы бойынша 10-нан аса мекемеге 106 жұмыс орны бекітілген. Қазіргі таңда 58 азамат жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде квотадан бөлек 33 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарымен қамтылған. Жұмыссыз және арнаулы орта немесе жоғары білімі жоқ азаматтардың кәсіптік білім меңгеру мен біліктілігін арттыру мақсатында қысқа мерзімді оқуға жолдау ұсынылуда.

Айта кетейік, бостандыққа шыққан азаматтар «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығын» паналай алады. Жыл басынан бері орталықта Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінен босап шыққан және есепте тұрған 50-ге жуық азаматқа қызмет көрсетілген. Мамандар 13 адамды туған туыстарымен табыстырған.

Предыдущая запись
ҰҚК Шекара қызметі: «Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуал бақылауда»
Следующая запись
АвтоЦОН в мкр. Достык будет работать по субботам

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню