348
Өскеменде спорттық құрал-жабдық сатып алмақ болған жекеменшік шектеулі серіктестік директоры алаяқтың құрбаны болды. Полиция бөліміне арызданған компания басшысының айтуынша, бейтаныс ер адам спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу-сатумен айналысатынын айтып, алаяқтық жолмен 20 миллион теңгесін алған. Жәбірленуші қомақты қаржыны оған Спорт сарайы маңында тапсырған.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Өскеменнің 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды» деп атап өтті ШҚО Полиция департаментіндегілер.