464
Шымкентте патрульдік полиция полкінің қызметкері 120 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Оқиға кеше, 21 қыркүйек күні орын алған.
Қалалық Полиция департаменті тәртіп сақшысының күдікке ілінгенін растады.
«Патрульдік полиция полкінің қызметкері қала аумағында орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты азаматтан 120 мың тг көлемінде пара алу бойынша күдікке ілінген. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.