Бейтаныс адамға сенген ер кісі бар ақшасынан айырылды

Теги: ,
369

Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз азамат оның сеніміне кіріп, шетелден әкелінген «Subaru impreza» автокөлігін ел аумағында есепке тіркеп беремін деп 800 мың теңгесін алған. Алайда 4 ай өтсе де түрлі сылтауды айтып не ақшасын қайтармаған, не уәдесін орындамаған. Осыдан соң алаяқтың құрбаны болғанын түсінген ер адам полицияға арыз жазған.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Жедел-іздестру жұмыстары нәтижесінде күдікті тәулік ішінде анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Белгілі болғандай, алаяқ жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, сеніміне кірген. Кейін түрлі сылтауларды айтып, ақшасын бермей уақытты ұзартып жүрген. Осылайша күдікті ер азамат пайдакүнемдік ниетпен, алаяқтық жолмен оңай ақша тапқысы келген. Алаяқ алған ақшаны өз қажетіне жұмсап жіберген.

Предыдущая запись
Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді
Следующая запись
Шымкентте 1,5 жасар бүлдіршін үй ішінде қамалып қалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню