Марихуана шегіп отырған жігіт Сергек камерасына түсіп қалды

Теги: ,
423

Өскеменде аулалардың бірінде марихуана шеккен жігіттің әрекеті Сергек камерасына түсіп қалған. Полиция қызметкерлері есірткіні пайдаланған және сақтаған деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын ұстады.

ШҚО облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бейнебақылау камерасы заңсыз әрекетті тіркегеннен кейін бірнеше минут өткен соң оқиға орнына тәртіп сақшылары барған. Полицейлерді көрген жас жігіт дереу «темекі шегу аппаратын» тастауға асыққан екен.

Сараптама қорытындысы көрсеткендей, ұстау кезінде қала тұрғыны каннабиноидтарды қолданудан туындаған есірткіге масаң күйде болған.

«Жас жігіттен фольгасы бар пластикалық бөтелке мен спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты салынған бір қағаз ораманы тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 1,51 грамм кептірілген марихуана болып табылады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» деп атап өтті ведомстводан.

Предыдущая запись
О реализации проекта «Здоровая нация» в Шымкенте рассказал глава города Мурат Айтенов
Следующая запись
Кто чаще всего берет взятки в Казахстане

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню