Түркістандық малшы 10-нан астам жылқыны сатып жіберіп, ақшасын қалтасына басқан

Теги: ,
318

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында танысы сеніп тапсырған жылқыларды талан-таражға салған ер адам ұсталды.

Аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, ол танысына бағу үшін 12 бас жылқысын сеніп тапсырған. Алайда малшы ірі қараларды талан-таражға салған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 4 000 000 теңге.

«Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Күдікті ер адам анықталды. Ол сеніп тапсырылған бөтеннің малын сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
Министр өрт сөндірушілер айлығы қанша пайызға көтерілетінін айтты
Следующая запись
В третьем мегаполисе обновляется городская ирригационная система

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню