Үздік педагогтар 3 млн теңге сыйақы алады

Теги: ,
415

Елімізде үздік педагогтарға 3 млн теңге көлемінде сыйақы берілетін болды. Қазіргі таңда «Үздік педагог-2022» конкурсына қатысуға 2,6 мыңнан астам мұғалім мен тәрбиеші өтінім беріп үлгерген.

Құжат қабылдау 12 қыркүйекте басталып, 22 қыркүйекке дейін жалғасады. Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары қатыса алады. Жеңімпаздар 3 млн теңге көлемінде сыйақы алады. Былтыр еліміздің әр өңірінен 64 мұғалімнің әрқайсысы 3 млн теңгеден алған болатын.

«Биыл байқауды цифрландырудың арқасында біз конкурстың үш кезеңіне де қанша мұғалім қатысатынын бақылай аламыз. Бірінші аптада https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталында 2 630 мұғалім мен тәрбиеші тіркелді. Биыл байқауға қатысатын әрбір мұғалім сауалнаманы толтырғаннан кейін байқаудың одан арғы динамикасын, яғни, қатысушылардың қай кезеңде екенін, оларға сарапшылар қандай ұпай бергенін бақылай алады», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Айта кетейік, «Үздік педагог» атағының иегерлеріне 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.

Байқау ережелері туралы қосымша ақпаратты Оқу-ағарту министрлігінің сайтынан да табуға болады.

Предыдущая запись
Таразда қала шетінен қару-жарақ қоймасы табылды
Следующая запись
Плохая погода не испугает

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню