365
Жамбыл облысының полицейлері қала маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймасын тапты. Ол қап ішіне салынған.
Табылған қаптан екі «Калашников» автоматы, «FBI8000» маркалы газ тапаншасы, жарық-шуылды граната, автоматтың оқжатарлары, пышақ, мылтық, полиция каскасы, резеңке таяқ және әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон алынды.
Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, бұл қару-жарақ пен оқ-дәрілер қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған.
«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды» делінген ведомство ақпаратында.