Түркістан облысында қойшы жігіт 12 тонна арпа мен бидайды сатып жіберген

Теги: ,
408

Түркістан облысы, Төлеби ауданында қойшы жігіт мал иесі сеніп тапсырған жем-шөпті сатып жіберген. Полицейлердің мәліметінше, тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, оның жеке мал шаруашылығындағы қоймасынан 6 тонна бидай, 6 тонна арпа мен 750 дана жоңышқаны жұмысшысы сатып жіберген.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу» бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары хабарлама алысымен тез арада оқиға орнына шығып, тексерудің нәтижесінде күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Полиция департаментіндегілер.

Тексеру барысында белгілі болғаны, жәбірленуші ауызша келісім арқылы шаруашылығындағы малға қарау үшін жас жігітті жұмысқа алған. Оған мүлкін сеніп тапсырып, өзі үйіне кеткен. Ал таңертең шаруашылыққа келгенінде қоймадағы сеніп тапсырған мал азығының ұрланғанын көрген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі — 3 млн теңгеден астам.

Предыдущая запись
На алхимика из Акмолинской области завели уголовное дело
Следующая запись
​В первый день визита в Казахстан папа римский Франциск призвал к миру в Украине

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню