328
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайында өзі қарсы алды. Бұл туралы Президент баспасөз қызметінің Telegram-каналы хабарлады.
«Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті» делінген ақпаратта.
Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды.
Айта кетейік, 14-15 қыркүйек күндері астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді. Рим Папасы осы жиынға қатысады.