Екі аудан әкімдігі Мемлекеттік туды ілуде қателікке жол берген

Теги:
218

Алматы облысында Кеген мен Райымбек ауданы әкімдіктерінде Мемлекеттік туды ілу кезінде өрескел қателіктер анықталған. Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу комитетіндегілер аталған екі аудандағы мемлекеттік органдары арасында рәміздердің қолданылуына мониторинг жүргізген.

Кеген және Райымбек аудандары облыс орталығынан қашық болғандықтан мониторинг Алматы облысы прокуратурасының бірлескен тексерулеріне қатысу шеңберінде жүргізілді.

«Нәтижесі бойынша Мемлекеттік тудың Кеген ауданы әкімдігінің ғимаратында дұрыс орналастырылмағаны анықталды. Ал Райымбек ауданы әкімдігінің ғимаратында орнатылған Мемлекеттік ту тозуына байланысты мониторинг барысында ауыстырылды. Аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша кәсіпкерлер жеткізетін мемлекеттік рәміздерді ұлттық стандарттарға сәйкестендіруді жүргізу мәселелері бойынша түсіндіру сұхбаты өткізілді. Аудандық мәслихаттардың хатшыларымен жұмыс кездесуі болып өтті, олар аталған жұмыстарды жүргізу қажеттігін атап өтті» делінген Техникалық реттеу комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, дайындау тәртібі “ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы” Заңмен реттеледі. Мемлекеттік рәміздер саласындағы уәкілетті органдардың құзыреті Заңның 11-бабында көрсетілген. Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган Мемлекеттік Тудың және Мемлекеттік Елтаңбаның ұлттық стандарттары мен эталондарын әзірлейді және бекітеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияда көрсетілген шарттардың лицензиаттарын лицензиялауды және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады.

Алдыңғы пост
Президент Тоқаев Рим Папасын әуежайдан күтіп алды
Келесі пост
Жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған ер кісі алаяқтың құрбаны болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu