Қызылордада жезөкшеліпен айналысып келген үш ер азамат есепке алынды. Полицейлер оларды 7-9 қыркүйек өткен “Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықтады.
Polisia.kz жазуынша, облыс аумағында атқарылған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде адам саудасына байланысты 4 қылмыс тіркелсе, оның ішінде жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір дерегі анықталған. Бұдан өзге жеңгетайлықпен айналысудың үш дерегі тіркелген.
«Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабымен жезөкшелікпен айналысуға үй-жайды ұсынғаны үшін төрт азаматша анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында жеңгетайлықпен айналысқаны үшін бір адам және 10 адам жезөкшелікпен айналысқаны үшін есепке алынды. Жезөкше есебіне қойылғандардың үшеуі ер адам» делінген мәліметте.