Елімізде некесін қидырғандар саны 15% азайған

Теги: ,
323

Қазақстанда алғашқы жартыжылдықта некесін қидырған ерлі-зайыптылар саны азайған. Бұл туралы ranking.kz жазды. Ондағы мәліметке сүйенсек, ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында елімізде 55,1 мың жұп некесі тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы тиісті кезеңге қарағанда 15,2%-ға аз. Қалаларда неке саны бір жылда 5%-ға (42,6 мыңға дейін), ауылдарда-бірден 38,1%-ға (12,5 мыңға дейін) азайған.

Бірінші жартыжылдықта ажырасулар саны 9 мыңды құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5%-ға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 3,1%-ға (7,1 мыңға дейін), ауылды жерлерде 11,8%-ға (1,9 мыңға дейін) қысқарған.

Өңірлер арасында ең көп неке Алматыда тіркелген (7,1 мың жұп). Бұл үштікке Түркістан облысы (бір жылда 6 мың), Алматы облысы (бір жылда 5,6 мың жұп) еніп отыр. Солтүстік Қазақстан облысы (бір жылда 1,5мың жұп) тіркелген неке саны бойынша көш соңында қалды.

Ал ажырасу жағынан да Алматы (1,2 мың) қаласы көш бастап тұр. Екінші орында Алматы облысы (1 мың), үшінші орында Қарағанды (937) облысы. Ең аз ажырасу Қызылорда облысында (201) болды.

Предыдущая запись
Казахстанские актеры признаны лучшими на Венецианском кинофестивале
Следующая запись
Жүк пойызы 120-дан астам қойды қағып кетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню