«Ағасының да қатысы бар»: Қызылордада күйеуі ұрып өлтірген әйелдің туыстары оқиға туралы айтып берді

Теги:
338

Қызылордада күйеуі ұрып өлтірген 3 балалы келіншектің туыстары әділдік іздейді. Олардың айтуынша, бұл қылмысқа күйеу балдарының ағасының да қатысы бар. Бұл туралы «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Facebook парақшасында жазды.

Қоғам белсендісі қайтыс болған әйелдің туыстары жазған хатты желіде жариялады.

Оқиға 2 тамыздан 3-іне қараған түні орын алған. 2-cі күні келіншектің туған күні болған. Ерлі-зайыптылар бұл күнді кафеде атап өткен. Келіншек балаларын өз анасына қалдырған. Туған күнге жігіттің ағасы мен жеңгесі, тағы бір досы келіпті. Кафе қызметкерлері марқұмның туыстарына ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал сол кезде басталғанын айтқан. Кафе таңғы сағат 4-ке дейін істейтіндіктен келіншек бұл уақытқа дейін отырғысы келмей, үйіне ертерек қайтқысы келгенін айтқан. Жанжал осыдан шығыпты.

Туған күннен шыққан олар жігіттің ағасының үйіне барып, оның әйелін қалдырған. Осы кезде 27 жасар келіншекті күйеуі аулада аяусыз ұрып-соққан. Оны сол аула тұрғындары көрген. Әйел қашпақ болған да көрінеді. Көліктің артқы орындығы қан-жоса болған.

«Біздің түсінгеніміз, ол әйелінің мәйітінен құтылғысы келген. Оған ағасы көмектеспек болған. Бірақ ойлары жүзеге аспай қалды. Себебі қыздың анасы хабарласып, үйлеріне бара жатқанын айтқан. Ағасы оның сыбайласы. Ал оның әйелі мен кафе қызметкерлері де оқиға туралы дер кезінде хабарламағаны үшін жауапқа тартылу керек. Кафе қызметкерлері дәл сол күнгі бейнебақылау камерасындағы видеоларды өшіріп тастаған. Қанды оқиғаның алдын алмай, келіншекті қылмыскердің қолына қалдырып кеткен полицейлердің де жауапқа тартылуын талап етеміз» делінген жазбада.

Ерлі-зайыптылар 2015 жылы шаңырақ көтерген. Олардың 2, 3 және 5 жастағы үш баласы бар. Туыстарының айтуынша, күйеу балдары қызға бұған дейін де қол көтерген. Бірақ келіншек балалары үшін кешіріп келіпті.

Әйелін ұрып өлтірген күйеу туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Полицейлер оны досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұстаған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 29 жастағы ер азамат қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкент әкімі «Бозарық» индустриалды аймағының құрылысымен танысты
Келесі пост
Түлкібастық кәсіпкер 2,5 млн теңгеге мектеп формасын алып берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu