371
Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданарылық сотында күйеуін пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі оқылды.
Қанды оқиға 25 мамыр күні түнгі уақытта Петропавлда болған. Ер кісі полиция қызметкері болған. Күйеуінің көзіне шап салып жүргенін біліп қойған әйел отбасылық жанжал шығарған. Сол сәтте екі баланың анасы күйеуінің кеудесіне пышақ сұғып алған. 32 жастағы тәртіп сақшысы оқиға орнында қайтыс болды.
Келіншектің үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен іс қозғалды. Сотта оның кінәсі дәлелденіп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын арқалады.
Сот әйелдің екі кішкентай баласы барын және де өз кінәсін мойындап, ондай қадамға баруына марқұм күйеуінің адамгершілікке жат қылық жасағанын ескеріп, ең жеңіл жаза тағайындаған.