Алматыда жалған полиция көлігі анықталды

Теги: ,
338

Алматыда полиция қызметінің жалған көлігін анықтады. Hyundai маркалы автомашинаны жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальон экипажы ұстаған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, полиция көлігінің көшірмесі фильмдердің бірінде пайдалану мақсатында жасалыныпты.

«Белгілі болғандай, фильмдердің бірінің әкімшілігі көлікті реквизит ретінде пайдаланған. Яғни, сценарий бойынша фильмде патрульдік полициямен эпизод бар. Ол бұл әрекеттердің заңға қайшы және жауапкершілікке әкеп соғатыны туралы ойланбастан, полицияның қызметтік көліктерінің дәл көшірмесін жасауды ұйғарған. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Оның авторларына заң аясында шара қолданылды», – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Предыдущая запись
Заңсыз ойын бизнесін ашқан қызылордалыққа сот үкімі шықты
Следующая запись
​Руководитель управления образования поставила точку в вопросе о запрете спортивной обуви в школах Шымкента

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню