498
Шымкентте 38 жастағы ер кісі аялдамаларда ұрлық жасауды кәсіпке айналдырған. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші өз арызында белгісіз тұлға «Алаш» аялдамасында адамның көптігін пайдаланып, күртешесінің қалтасынан ұялы телефонын жымқырғанын көрсеткен.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды.
«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Шымкент қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазірдің өзінде күдіктінің қалта ұрлығының 11 жайтына қатысы бар екені белгілі болды. Сондай-ақ, осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда»,-деді қалалық Полиция департаментіндегілер.