Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастау ұсынылды

Теги: ,
356

Бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Депутаттарға Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау ұсынылды. ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша, қорытынды мәтінінде мұндай өзгеріс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау үшін енгізілетіні айтылған.

Сонымен, аталмыш заң жобасына мынадай нормалар ұсынылып отыр.

— 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау;

— 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу.

— 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау.

Заң жобасы мақұлданса, аталған дата Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты қоғамдық маңызы жоғары айтулы күн ретінде мерекеленбек.

Предыдущая запись
Алматы полициясы ағаштарды өртеген адам бойынша тексеруді бастады
Следующая запись
Пятилетний ребенок задохнулся в старом холодильнике

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню