409
Алматы қалалық полициясы ағаштарды өртеп жатқан белгісіз адамның видеосына қатысты тексеруді бастады. ІІМ-нің Telegram-каналындағы ақпаратта Бостандық ауданы Полиция басқармасындағылар видеоға түсірілген жерді анықтағаны жазылған.
«Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады» делінген ведомство мәліметінде.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде белгісіз адамның ағаштарды өрт жатқан сәтінің видеосы пайда болды. Оны көпқабатты үй тұрғындарының бірі видеоға түсіріп алған.