Грантқа түскен 137 түлек тегін оқу мүмкіндігінен айырылды

Теги: ,
329

Қазақстанда ҰБТ тапсырған 137 түлек білім грантынан қағылды. Себебі олардың тестілеу нәтижелері жойылған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев желі парақшасында жазды.

«Қазіргі таңда бейнежазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 153 тестіленушінің ҰБТ нәтижелері жойылды, олардың 137-сі білім беру грантының иегерлері. Тиісті шараларды қабылдап, ереже бұзушылардың грант туралы куәліктерін жарамсыз деп таныдық. Аталған фактілер бойынша тестілеу орталығы қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерістер жүргізіліп, жұмыстардың одан әрі жалғасуы үшін тиісті мемлекеттік органдарға хаттар жолданып жатыр» делінген жазбада.

Директордың мәліметінше, биыл 327 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Ережелерді бұзғаны үшін тестілеу кезінде аудиториядан 322 адам шығарылған.

Предыдущая запись
Кому в Казахстане разрешат покупать оружие для личного пользования
Следующая запись
В Шымкенте горел склад с битумом

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню