327
Елімізде әйелдердің зейнетке шығатын көтеруге мораторий жарияланатын болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты.
«61 жасты белгілей отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін арттыруға мораторий енгізуді және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша төлем тағайындау кезеңінің ұзақтығын 1,5 жасқа дейін ұлғайтуды көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданады», – деді министр.
Әлібек Қуантыровтың айтуынша, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айрылған кездегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табыстың 45 процентіне дейін артады.