403
Әлеуметтік желілерде екі ер адамның тапа-тал түсте көшеде әлденені бөлісе алмай, төбелескен сәтінің видеосы тарады.
Оқиға өткен жұма күні Қарағандыда болған. Полицейлер бұл бейнежазбаға қатысты түсінік берді. Құқық бұзушылар төбелес кезінде таяқ пен пышақ қолданған. Олардың бірі ұсталды. Ол 40 жастағы донер дүңгіршегінің иесі екені белгілі болды. Оның айтуынша, дүңгіршекке масаң күйде белгісіз адам келген. Сол жерде шу шығарып, ескертуге құлақ аспаған. Кейін белгісіз адам пышақ алып, дүңгіршек иесіне қарсы шыққанда 40 жастағы азамат қорғану мақсатында қолына таяқ алған.
ҚР ҚК 293-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Бейнебақылау камерасының бейнежазбалары алынды. Төбелес шығарған адам анықталып жатыр.