411
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Президент сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады деп күтілуде.
Еске салсақ, 3 қыркүйекте Қостанайда алапат өрт шықты. Орман өрті 43 мың гектардан астам аумақты қамтыған. Озерное ауылынан (250 адам), Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино (228 адам) және Лесное ауылынан (363 адам) 1841 адам эвакуацияланды.
Қызыл жалын шарпыған өңірге республиканың түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмектер жөнелтілуде.