АӘК алатын отбасылар енді азық-түлік жиынтығын өздері сатып алады

Теги:
454

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар енді азық-түлік жиынтығын өздері сатып алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

«Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алатын отбасыларға азық-түлік жиынтығын өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беру мақсатында жаңа жүйе қолға алынып отыр. Яғни, АӘК алушылар қатарындағы балаларға қосымша төлем белгілеу арқылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау жүзеге асырылатын болады» делінген ведомство мәліметінде.

Еске салған, министрлік бұған дейін жыл басынан бері 622,6 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын айтқан болатын. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 83,8 млрд теңге бөлінген. АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 169,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Алдыңғы пост
Немересінің 1-сыныпқа барғанына қуанған әйел мектепте 40 кг конфетті шашу етіп шашты
Келесі пост
Түркістан облысының әкімдігі жемқорлық бойынша көш бастап тұр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu