Немересінің 1-сыныпқа барғанына қуанған әйел мектепте 40 кг конфетті шашу етіп шашты

Теги:
373

Білім күні 1-сыныпқа барған балаларға 40 кг конфет шашу шашылды. Оның видеосын ТікТок қолданушысы жариялады.

«Немересенің 1 сыныпқа қадам басуына орай 40 кг конфет шашу шашты» деп жазды автор.

Видеодан орта жастағы әйелдің сөз сөйлеп тұрғанын көруге болады. Айтуынша, марқұм апасының аманатын орындау үшін мектепке арнайы келген. Кейіннен бірнеше әйел қорап-қорап тәттілерді балалар мен мектеп ішіндегілер шашу ретінде шашады. Жердегі конфеттерді оқушылар тармасып алып жатады.

Желі қолданушылары немересі үшін өміріндегі маңызды сәттердің бірін ерекше есте қаларлықтай еткен әйелге риза болып, қазақ тек қуанышты шашу шашқан деген пікірлерін жаудырды.

«Шашусыз қазақта қуаныш болмаған. Несі бар екен? Күшті», «Керемет», «Шашу ешқашан ысырап емес. Немересі халықтың баласы болсын», «Бастысы, балалар тармасып алып жатыр. Мәз», «Жомарт жан екен. Қолы ашық кісі екені көрініп тұр», «Келесі жылы мен немереме 50 кг конфет шашамын», «Тәттілер тек жақсылыққа шашылсын» деп жазды желідегілер.

Алдыңғы пост
Министрлік бала күтімі бойынша 1,5 жасқа дейінгі әлеуметтік төлем қалай жүргізілетінін түсіндірді
Келесі пост
АӘК алатын отбасылар енді азық-түлік жиынтығын өздері сатып алады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu