ШЫМКЕНТ: ЖАҢА АВТОБУСТАР 2 БАҒЫТ БОЙЫНША ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Теги:
652

Шымкент қаласында
әлеуметтік мәні бар қалалық нөмірі № 55 және № 149 бағыттағы қоғамдық көліктері
6 жаңа автобуспен толықты. Қыркүйек айынан бастап аталған бағыттағы жаңа
автобустар жолаушыларды тасымалдау қызметіне кіріседі. №149 автобус маршрутына
4 бірлік қосылып, жалпы саны 10 автобусқа артты. Ал, № 55 автобус маршрутына 2
бірлік қосылып, жалпы 8 автобус жүретін болады. Жаңалау жұмыстары жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен тасымалдаушы компаниялардың
арасында түзілген келісім-шарттар негізінде атқарылды.

Айта
кетейік, қалада жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, 2020 жылы газ метанмен
жүретін 590 жаңа автобус сатып алынған. Қазіргі уақытта барлық автобустар
қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарды тасымалдауда.
Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет
көрсетуде. Ал үшінші станцияның салу үшін инвестор анықталып, жер учаске
бөлінген. Қазіргі таңда құрылыстың басталуына дайындық қызу жүріп жатыр.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше,
қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді,
күнделікте маршруттарға 843 автобус шығады. Қалады жалпы автобустардың саны
резервпен қосқанда 1000 автобусты құрайды. Жеке меншік нысанындағы 10 компания
жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға
дейінгі автобустар саны 890 автобус немесе 89 пайызды құрайды. 2021 жылы
Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық төлем жүйесі
енгізілді. Бұл жүйенің артықшылығы — төлемдердің ашықтығын, тасымалдаушылардың
кірістілігін және қалалық бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды
ұтымды субсидиялауына мүмкіндік беріп, көлік жүйесінің бюджетін қалыптастыруға
таптырмас құрал болып саналады.

Предыдущая запись
Общественники Шымкента поддержали инициативы главы государства, озвученные в Послании
Следующая запись
ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 242 525 ОҚУШЫ МЕН 19 МЫҢНАН АСТАМ ПЕДАГОГ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню