Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында сұлулық салонына барған зейнеткер әйел ондағы клиенттің атынан несии рәсімдеп алған. Жәбірленушінің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу ақшалай онлайн несие алып, 70 мың теңгеден астам шығын келтірген. Бір айдан соң банктен несиеңізді төлеңіз деп хабар келгенде жәбірленуші полицияға дереу арызданған.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Күдікті анықталды. Ол зейнет жасындағы жұмыссыз әйел болып шықты. Яғни, күдікті әйел сұлулық салонында жәбірленушінің сөмкесін байқатпай ақтарып, ішіндегі жеке куәлігін суретке түсіріп алған. Өз арам ойын жүзеге асыру үшін несие рәсімдегені белгілі болды. Қазіргі таңда зейнеткер сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.
Полицейлер күдіктінің осы секілді алаяқтық қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтап жатыр.