1 қыркүйекте елімізде 80-ге жуық жаңа мектеп ашылады

Теги: ,
332

Қазақстанда оқу жылының басталуына қарай 80-ге жуық жаңа мектеп ашылады. Жыл соңына дейін барлығы 230-дан астам білім ұясын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдың соңына дейін елімізде 1 000 мектеп салынады. Былтыр 277 мектеп пайдалануға берілді. Биыл тағы 230 мектепті ашу жоспарланып отыр. 1 қыркүйекке дейін 80 мектеп ашылады. Қазір жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қалған мектептердің құрылысын мерзімінде аяқтау үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Министр орынбасары өз сөзінде мектептерді қаржыландыру жергілікті әкімдіктердің құзырында екенін атап өтті.

«Мектептерді қаржыландыру және оның құрылысы заңды түрде әкімдіктердің құзырында екенін еске сала кетейік. Мемлекеттік сатып алулар, жобалық-сметалық құжаттарды дайындау, жер телімдерін бөлу, инженерлік инфрақұрылым, құрылыс және іске қосу – жергілікті әкімдіктерге жүктелген осы үрдістің барлығын қарап, оңтайландыру қажет, қазір онымен арнайы жұмыс тобы айналысып жатыр. Нақты құрылыс салу, әкімдіктердің мектеп салмай үй салуға рұқсат беру тәжірибесі — ол бөлек мәселе. Соның салдарынан қазіргі мектептер бірден үш ауысымға айналады. Біз заң жүзінде мұндай мүмкіндікті толығымен жоюды талап етеміз»,-деді ол.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа мектептердің басым көпшілігі демографиялық өсім белсенді және оқушылар орны жеткіліксіз аймақтарда салынып жатыр. Бұл Алматы, Атырау облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары.

Жалпы өңірлерде 200-ден астам мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Предыдущая запись
Асыранды балаларды ұрып-соққан қамқоршыға қатысты тексеру басталды
Следующая запись
Трех казахстанцев объявили в международный розыск: АФМ расследует дело по факту рейдерского захвата

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню