376
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Сатыбалды Түкрістан облысының әкімі болып тағайындалды.
«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын» делінген Ақорда ақпаратында.
Дархан Сатыбалды 1974 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында туған. Еңбек жолында Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.