Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2 қазанда аяқталады

Теги: , ,
217

Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 1 қазанында 2022 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады. 1 қазан демалыс күні екенін ескерсек, төлем мерзімі 2 қазанда аяқталады.

1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады. Салықты есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей салық органдары есептейді.

Маңызды ақпарат! Мүлік  салығын төлеу барысында:

– ортақ бірлескен меншікте өзара келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші ​​болып табылады. Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келсе, онда меншік иелерінің біреуі ғана төлем жасайды;

– ортақ үлестік меншікте салық төлеушілер осы мүліктегі үлесіне сәйкес мүліктің барлық меншік иелері болып табылады.

Салық заңнамасына сәйкес төленуге жататын салық сомалары туралы хабарламалар ағымдағы жылдың шілде айында меншік иелеріне электронды түрде – Салық төлеушінің кабинетіне, «E-gov» порталына, қағаз түрінде – тапсырыс хатпен, сондай-ақ түбіртек – коммуналдық қызметтердің ЕРЦ, ALSECO және т.б. хабарламалары жолданған.

“Сонымен қатар алдағы төлемдер туралы ақпарат «Kaspi Bank» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалары түрінде жіберілді. Бұл ретте салық коммуналдық төлем арқылы немесе мобильді қосымшалар арқылы бір рет төленетінін хабарлаймыз( деп мәлімдеді Мемлекет кірістер комитетіндегілер.

Қате төлемдерді болдырмау үшін көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, төлемдерді бір уақытта жүзеге асыру мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінде және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасынан көруге болады. Сондай-ақ банктердің «Kaspi.kz» және «Halykbank» мобильді қосымшалары арқылы таныса аласыз.

Алдыңғы пост
Әкесінің айлығын құмар ойынға салып жіберген жас жігіт асылып өлді
Келесі пост
Шымкентте өмірге қауіпті энергетикалық сусындар өндіріліп келген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu