360
Жол-көлік оқиғасы 26 тамызда Бәйдібек би даңғылы мен А.Көшеров көшесінің қиылысында болған. «Toyota Camry» және «Audi S8» автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан үш бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Олардың анасы қайтыс болды.
«Оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі «көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» – деп атап өтті Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер.