Жетісайда алып базар өртеніп кетті

Теги: ,
389

Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарынан өрт шықты. Жалпы аумағы 2500 шаршы метрді алып жатқан сауда орнында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимарат пен ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақ өртенген. Оқиға 26 тамыз күні сағат 3-тер шамасында болған.

Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Төтеншеліктерге желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болған. Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылған.

Алапат өртке байланыты жедел комиссия құрылды.

«Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссия құрылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жетекшілік етеді. Комиссия алдында ең алдымен зардап шеккендердің санын есептеу, материалдық залалды бағалау, міндеті тұр. Қазіргі уақытта базардың басшылығы мен құрылтайшылары және аудан билігі сатушылармен кездесті. Мәселе бақылауға алынды»,-деді Түркістан облысы әкімдігіндегілер.

Предыдущая запись
В Атырауской области водитель Lexus сбил верблюда
Следующая запись
В Алматинской области школьники вынуждены учиться в три смены

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню